Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды иесіне қайтарды

Жетісай тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келді. Ол Мақталы-Жетісай тас жолы бойындағы егістік алқапта жайылып жүрген төрт бас жылқысы жайылымнан келмей, ұшты-күйлі жоғалғанын жеткізді. Жәбірленушіге 1,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Полицейлер ақпарат алысымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Учаскелік полиция инспекторларынан құрылған іздеу тобы егістік алқапқа барып, көрген-білгендерден сұрастырды. Өздеріне бекітілген аумақтың ой-шұқырын жақсы білетін тәртіп сақшылары тау-тасты шарлап шықты. Нәтижесінде жәбірленушінің жылқылары Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округіне қарасты егістік алқапта жайылып жүрген жерінен табылып, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру