Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Терезеден қоқыс тастаған тұрғынға айыппұл салынды

Павлодарда тұрғын үйдің терезесінен қоқыс тастаған адамға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Құқық бұзушылықтар мен оқыс оқиғаларға жедел және уақтылы жауап беру үшін бір жылдан бері Павлодарда учаскелік полиция инспекторлары мен КСК өкілдері кіретін жалпы чат жұмыс істейді.

Топ мүшелері бір-бірімен пайдалы ақпараттармен, оқиғалармен,  хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруді бөлісе отырып, қылмыстың ашылуына белгілі бір үлестерін қосады. Сонымен қатар, КСК өкілдерінен заңдылықты және тұрғындардың үйлердің аулаларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түрлі өтініштер түсуде. Бұл жұмыс қол қойылған өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асырылуда және бүгінде оң нәтижесін беруде.

Тек 2020 жылдың қаңтар айында өзара әрекеттесу чатында түрлі сипаттағы 37 өтініш келіп түсті, оның ішінде: үйлердің аулаларында қар тазалаудың алдын алатын, абаттандыру ережелерін бұзған, қоғамдық тәртіпті бұзған көлік иелеріне шара қолдану туралы болды.

Барлық өтініштер бойынша уақытылы жауап қайтару шаралары қабылданды, 12 бұзушы жалпы пайдаланатын аумақтарды абаттандыру және ластау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, КСК өкілдерінің бірі аталған факт бойынша шара қолдану туралы өтінішпен топқа видео жүктеді. Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Ғалымжан Қабір бірден осы мекенжайға шықты. Белгілі болғандай, жаңа пәтер иелері пәтерде күрделі жөндеу жүргізуді шешкен. Жалдамалы жұмысшы едендерді тегістегеннен кейін, қалған құмды шығарып тастауға жалқауланып, оңай жолды тапты. Ол 9-қабатта орналасқан пәтердің балконынан күрекпен құрылыс құмынан құтыла бастады.

Аталған факті бойынша қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы («Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау») бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Туған күніне арналған мұндай көңілсіз сыйлықты өзіне  жуырда 54 жасқа толған жөндеуші өзі жасады.

Айта кету керек, 2019 жылы осы чатқа 532 өтініш түскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру