Тергеу изоляторына бауырсаққа салып, ұялы телефонды кіргізбек болды
Қызылордадағы тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына қарындасының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері бауырсаққа құйтырқы әрекетпен жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Қарындасы «Nokia» маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, бауырсақ ішіне жасырып өткізбек болған.
Қамаудағы ағасы ҚР ҚК-нің 106-бабымен сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.