«Тергеуші салмақты және ұстамды болуы тиіс»: СҚО-дағы жас полицей қызметі туралы айтып берді
Әділ Шұғаев – СҚО полиция департаменті тергеу басқармасының жас және білгір қызметкерлердің бірі. Әр ісіне жауапты полиция қызметкері Polisia.kz редакциясына қызметі туралы айтып берді.
2019 жылдан бастап ол Петропавл қалалық ПБ тергеу бөлімінде жұмыс істеді. Ол Португалия азаматына қатысты жасалған тонау қылмысын жедел ашуға көмектескен жеке орындаушылығы, тәртібі және ағылшын тілін жетік білуімен ерекшеленді. Жыл қорытындысы бойынша ол үздік тергеуші болып танылды. Жас қызметкер көзге түсіп, СҚО ПД тергеу басқармасына ауыстырылды.
Тергеу жұмысында жиі алаяқтыққа тап болуға тура келеді. Бірде Әділ 98 эпизодты қамтитын қылмыспен айналысқан. Ол кезде Петропавл тұрғыны облысты жоғары білім туралы жалған дипломдармен «қамтамасыз етуге» кіріскен болатын. Адамдардың жалған құжаттарды сатып алуға қаншалықты оңай баратыны таңқаларлық еді. Қылмыстық істе олар жәбірленушілер ретінде өтті, бірақ содан кейін көпшілігі жалған іргетасқа қаланған мансаптарынан айырылды.
Әділ 2 жыл бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның анасы мен әйелінен ақша тартып алған Петропавл тұрғынының жағдайын ең меменділіктен жасалған фактілердің бірі деп санайды. Қорғаушы қызметімен ешқандай байланысы жоқ алаяқ істі қайта қарауға, содан кейін онша ауыр емес бапқа өзгертіп беремін деп уәде берген. Қолдан келгеннің бәрін сатқаннан кейін, қарызға батып, жәбірленушілер оған 80 миллион теңгеден астам ақшаларын беріп қойған.
– Тергеуші салмақты және ұстамды болуы тиіс. Сіздің кәсібилігіңіз әділеттіліктің салтанат құруына көмектесетіндігін түсіну – өзін құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге арнаған адам үшін ең құнды сезім, – деді Әділ.