Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Терминалдан ақша ұрлауға оқталған азамат ұсталды

Полицейлер ауыл дүкенінде тұрған терминалдан ақша ұрлауға әрекет жасаған адамды 20 минут ішінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтар күні  сағат 00.25 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округіне қызмет көрсететін учаскелік инспектор Алмас Жақыпбековке телефон арқылы белгісіз біреудің Түрген ауылының ауылдық дүкеніндегі терминалдан ақша ұрлауға тырысқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жәбірленуші әйел күдіктінің қашып бара жатып, болжам бойынша такси көлігіне отырғанын хабарлаған. Учаскелік инспектор шақыртуды қабылдап, 20 минут ішінде Алматы қаласының 29 жастағы тұрғыны болып табылатын күдіктіні «ізін суытпай» ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркелді. Ұсталған адам ұрлық жасағанын мойындап, әйнекті сындырып, дүкенге кіргенін, ломмен терминалды ашуға тырысқанын, алайда дүкен иесінің шу шығарып, қорқытқанын жеткізді.

Қашып бара жатқанда ол ломды лақтырып, алдын ала шақырылған таксиге отырған және сол жерде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Тергеу барысында оның өңірдегі осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру