Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшысы қарт адамға үйіне жетуге көмектесті

Алматы облысында патрульдік полиция қызметкері қарт адамға үйіне жетуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ескелді аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкері қарт адамға үйіне жетуге көмектесті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қарт адамға тайғақ көшелермен жүру қиынға соққан.

– Өзінің әкімшілік учаскесін патрульдеу кезінде 280 борт экипажының қызметкері Шалқар Алмасов өте баяу жүріп келе жатқан қарт адамды байқаған. Көктайғақтың кесірінен егде адам тайып құлаған. Полицей атайға жақындап, оны үйге дейін жеткізіп салуды ұсынған. Алайда қарт адам белгісіз себептермен ұсыныстан бас тартқан сәтте полиция қызметкері оны үйіне дейін жаяу жеткізуге шешім қабылдаған, – дейді Ескелді АПБ бастығы Қайрат Баймұханов.

Бұл деректің әлеуметтік желідегі “Instagram” парақшалар арқылы белгілі болғанын айта кету керек. Мейірімді полицейдің айтуынша, әр адамның қарт туыстары бар және ол атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген. Ол еліне және халқына қызмет ету өзінің басты міндеті екенін мақтанышпен жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру