"Тіл - ұлт тұғыры": атыраулық полицейлер Тілдер күніне арналған онлайн-челленджді жалғастырды
Атыраулық полицейлер Қазақстан халқы Тілдері күніне арналған онлайн-челленджді жалғастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақ тілін туған тіліндей меңгерген даргин ұлты өкілінің бірі - Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкері Магомед Магомедов барша қазақстандықтарды 5 қыркүйек – тілдер мерекесімен құттықтай отырып, ақын,ағартушы Сұлтанмахмұд Торайғыровтың "Қазақ тілі" өлеңін оқыды.
- Бүгін барша қазақстандықтар үшін аса маңызды мереке! Қыстау қиындықпен келген тәуелсіз мемлекетіміздің ана тілін білу - әрбір қазақстандықтың парызы деп есептеймін. Кез-келген ұлт пен халықтың негізгі қатынас құралына айналған Тіл мерекесі құтты болсын, - деді полиция сержанты.