Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тіл – ұлт тұғыры”: атыраулық полицейлер Тілдер күніне арналған онлайн-челленджді жалғастырды

Атыраулық полицейлер Қазақстан халқы Тілдері күніне арналған онлайн-челленджді жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақ тілін туған тіліндей меңгерген​ даргин ұлты өкілінің бірі – Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкері Магомед Магомедов барша қазақстандықтарды​ 5 қыркүйек – тілдер мерекесімен құттықтай отырып, ақын,ағартушы Сұлтанмахмұд Торайғыровтың “Қазақ тілі” өлеңін оқыды.

– Бүгін барша қазақстандықтар үшін аса маңызды мереке! Қыстау қиындықпен келген тәуелсіз мемлекетіміздің ана тілін білу – әрбір қазақстандықтың парызы деп есептеймін. Кез-келген ұлт пен халықтың негізгі қатынас құралына айналған Тіл мерекесі құтты болсын, – деді полиция сержанты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру