Тобыл қаласының полицейлері есінен айырылған ер адамды тапты
Тобыл қаласының полицейлері есінен айырылған ер адамды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Осинов ауылына жақын жерде Қостанай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 28 тамызында сағат 03-00 шамасында белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен Епихин Анатолий Васильевичті тапты.
Екі күн бұрын ер адам бастан инсультке ұшырап, салдарынан жиі жадынан айырылатын болды.
Табылған ер адамның әйелі полиция қызметкерлеріне күйеуін уақытында тауып, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берген кәсіби әрекеттері үшін алғыс білдірді. Полиция қызметкерлерінің жедел және сауатты әрекеттерінің арқасында ер адам бір тәуліктен кейін табылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды жақындарына мұқият болуға және тұрақты бақылауға мұқтаж адамдарды қараусыз қалдырмауға шақырады.