Төле би тұрғынынан 35 келі есірткі тәркіленді
Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданында Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автокөлікті тінту кезінде салмағы 4 кг 630 гр «гашиш» есірткі заты бар қалташа табылды. Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу барысында 12-калибрлі мылтығы, төрт оқ-дәрі, 12 калибрлі төрт патрон, қоймадан салмағы 30 кг 380 гр. «марихуана» есірткі заты табылды.
Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 1-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.