Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйдің шырқын бұзған әкенің әлегі

Орал қаласында полиция қызметкеріне пышақ ала жүгірген үй иесі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыздың 10-на қараған түні сағат 3-тер шамасында “102” кезекші операторына әйел адам хабарласып, үйге мас боп келген жолдасының әрекетіне шағым айтқан.

Оқиға орнына лезде жеткен Орал қалалық ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Қ.Тұрсынғалиев үй иесін тәртіпке шақырады.

1983 жылғы азамат органнан келген инспекторға бағынғысы келмей, ас үйде тұрған пышақпен иығынан жарақаттайды. Осыдан соң оқиға орнында жеткен полицейлер бұзақыны сабасына түсірді.

Сараптама оның «жеңіл дәрежедегі» мас күйде болғанын анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлімі Билік өкiлiне қатысты күш қолдану” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру