Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлыққа барған күдіктілер ұсталды

Орал қаласының полицейлері тәртіп барлығымызға ортақ деген, тәуліктік пәтер иелеріне  талап қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Төтенше жағдайдың талаптары мен шектеулеріне бағынбайтындар да бар. Бүгінде Орал қаласында 1454 тәуліктік пәтер бар екен.

14 сәуірде бірнеше тәуліктік пәтерлердің иелері анықталды. Себебі, бұл пәтерлерде ұрлық фактілері тіркеліп үлгерді. Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 2 тәуліктік пәтер иесін ұсталды. Оларға ҚР  Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодекстің 476 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Тәуліктік екі пәтер қожайыны Орал қ.ПБ арнайы қабылдау орынына қамалды.

Анықталғандай, жалдамалы пәтерге кіріп, ойына келгенін жасап, ұрлық жасады деген күдіктілер де тәртіп сақшыларының құрығына ілінді. Нақтырақ айтсақ, 9 сәуірден 10 сәуірге қараған күні 1992 жылғы Е. есімді белгісіз тұлға “Жеңіс” шағын ауданындағы тәуліктік жалдамалы пәтерді жалға алып, корпусы қара түсті “Самсунг” маркалы телевизорды ұрлап, пәтерден шығып кеткен. Пәтерді жалға берген 1986 жылғы иесіне 500 мың теңге материалдық залал келді. Ұрлық жасаған азамат ұсталып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабымен Орал қ.ПБ уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Осы күдікті 8 -10 сәуір аралығында “Гагарин” көшесіндегі жалдамалы пәтерде болып, еркін түрде пәтер ішіндегі корпусы қара түсті “Самсунг” маркалы телевизорды құшақтап, үйден шығып жүре берген. 1980 жылғы пәтер иесі Т. есімді азаматшаға 250 мың теңге шығын келді. Телевизор ұрлауға құмар Е. есімді күдіктінің 3 ұрлық жасағаны анықталып, ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды. 5-9 сәуір аралығында белгісіз азамат “С.Тюленин” көшесіндегі жалдамалы тәуліктік пәтерлердің бірінде болып, корпусы қара түсті “Хайер” маркалы телевизорды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицияға шағымданған Орал қаласының тұрғыны 1996 жылғы А. есімді пәтер қожайынына 90 мың теңге шығын келді. Көп кешікпей ЖПҚб инспекторлары мен КПб жедел уәкілдері 1993 жылғы Т. есімді күдіктіні ұстады.

Бүгінгі күні төтенше жағдай кезінде шектеулер мен талаптарға салғырттықпен қараған тәуліктік пәтер иелері де, ұрлық жасаған күдіктілер де нақты анықталды. Қай-қайсысы да заң алдында жауапталады.

Орал қаласы Полиция Бөлімі тәулікке жалға беретін пәтер иелерінің карантин кезіндегі шектеулерді қатаң сақтап, барлық талаптарды орындауларын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру