Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орында ішімдік ішкендерге айыппұл салынды

Жыл басынан бері көлік полицейлерімен қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен 2500 азаматқа 35 млн теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 15 139 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 2 535 адам.

Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 35 млн.теңгеден асады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Атырау қаласының халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне “Эйр Астана” АҚ өкілінен “Атырау-Амстердам” бағытындағы әуе рейсінің бортында құқық бұзушының бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Тексеру барысында көлік полицейлері масаң күйде болған 48 жастағы Канада азаматын анықтады.
Жолаушы жоғарыда аталған әуерейсінен акт бойынша түсіріп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, шетелдік азаматтың “жеңіл дәрежелі” алкогольдік масаңдығы болған.
Бұдан соң, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 1 бөлігімен яғни, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру