Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дастархан жайып, кеш ұйымдастырғандар жазаланды

Қызылордада төтенше жағдай кезінде балабақша ұжымы туған күн кешін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан қатаң шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзу деректері орын алуда.

14 сәуір күні сағат 11:30 шамасында Сырдария ауданы Ақжарма ауылында балабақша меңгерушісі ұжымын сенбілікке шақырған. Сенбілік барысында балабақша ұжымы қызметкерлерінің бірінің туылған күнін атап өтпек болады. Балабақшаның 15 қызметкері дастархан жайып, кеш ұйымдастырады.

Төтенше жағдай кезінде ескертулерге құлақ аспаған балабақшаның 15 қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігі бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзу – карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу) әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру