Төлеби АПБ-ның басшысы жас мамандармен және ата-аналарымен кездесу өткізді
Төлеби АПБ-ның басшысы жас мамандармен және ата-аналарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-ның бастығы Жанаев Бауыржан Төлеби АПБ-ның мәжіліс залында карантин режимін сақтай отырып, кездесу жиынын өткізді. Аталған жиынға полиция бөлімінде қызмет атқарып жүрген жас мамандар және 3-курс курсанттары ата-аналарымен бірге қатысты.
Жиын барысында жас қызметкерлердің тәртібі, мінез-құлықтары, қызмет атқару барысында әріптестермен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыра білуі, заңдылық пен тәртіп сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, азаматтар мен сыпайы және ілтипатты қарым-қатынаста болуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбау жөнінде қаралды.
Сонымен қатар жас полицейлер ойынқұмарлық пен зиянды әрекеттерге беріліп, тура жолдан тайынуы-ішкі істер органдарының имджіне нұқсан келтіретіні, ішкі істер органында қызмет атқару үшін шыдамдылық, адалдық, тәртіп пен табандылық керек екендігі жөнінде де әңгіме қозғалды.
Жас мамандарды тура жолға бағыттау мақсатында, олардың ата-аналарымен бірге өздеріне де қызметтік міндеттері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.