Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ЖҚЕ бұзғандарды полицейлер анықтауда

Ақтөбе облысында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілетін болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібінің алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 17-19 ақпан аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілетін болады.

Іс-шара шеңберінде республикалық маңызы бар автожолдарда “Қазавтожол” ҰК АҚ, “Қазақавтожол” ЖШС және денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, авариялық-қауіпті учаскелердің карталарын, сервистік қызмет көрсету орындарын, трассалық медициналық-құтқару пункттерін және т. б. бейнеленген буклеттер, жадынамалар тарату арқылы “Жолдағы қабылдауды” өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, әкімшілік полиция бөлімшелері атқарушылық іс жүргізу органдарымен бірлесіп борышкерлерді анықтау бойынша оларға айыппұлдарды мәжбүрлеп орындау шараларын қолдана отырып, рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдарда өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру