Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт автокөліктің қатысуымен ЖКО орын алды

Автожолдардағы жағдайдың күрделенуіне байланысты, Ақмола полицейлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір полицейлері республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қажетті шаралар қабылдайды. Тәулік бойы  полицияның 35-тен астам экипажы көліктерді патрульдейді. Олар қиын жағдайларда қалған жүргізушілерге уақытында көмек көрсетеді.

Дегенмен, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, 27 ақпанда «Екатеринбург – Алматы» автожолында Аршалы ауданының аумағында төрт автокөліктің қатысуымен жол – көлік оқиғасы орын алды.

Анықталғаны, «Дэо Нексия» маркалы көліктің жүргізушісі Қарағанды қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қарай қарай келе жатып, Ижевское ауылының жол айрығының жанында қар құрсауында тұрып қалған. Көлікті қардан өз бетімен шығару мақсатында жүргізуші көлікті артқа жүргізген.Осы уақытта «Тойота Камри 40» маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көліктің қар құрсауынан шығуға мүмкіндік беру мақсатында, жолдың жүретін бөлігіне тоқтаған.

Ауа-райының күрделі және жолдың көріну жағдайлары өте төмен болды.Біраз уақыттан кейін сол бағытта келе жатқан «Тойота Ленд Крузер» маркалы көлігінің жүргізушісі «Тойота Камри 40» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Сондай-ақ, 62 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Камаз» ауыр жүк көлігі «Тойота Ленд Крузер» маркалы а/м айналып өтіп, «Тойота Камри 40» маркалы автомашинамен соқтығысқан. Көлік қарсы бағыттағы қозғалыс жолына шығып кетті.

Бақытымызға орай, жол–көлік оқиғасының нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Автокөліктер механикалық зақым алған.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауды, көліктер арасындағы қашықтықты қадағалауды, мүмкіндігінше алыс жолға шықпауды, ауа райының өзгеруі туралы ескертулерге мән беруді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру