Төрт бұзақы Көкшетау тұрғынының үйіне кіруге тырысты
Көкшетау тұрғыны төрт бұзақыдан құтқарған көкшетаулық полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 ақпанда түнгі сағат 02.00 шамасында Көкшетау қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының «Әскер-7» экипажының қызметкерлері Александр Нилов пен Жандос Сәлімбеков Кенесары Қасымұлы мен Бәйкен Әшімов атындағы көшелердің қиылысында патрульдеу бағытында жүріп келе жатып, жеке сектор көшелерінің бірінде болған оқиға туралы кезекшілік бөлімнің арнайы хабарламасын алды.
Өтініш берушінің айтуынша, белгісіз төрт ер адам масаң күйде болғандықтан, ауланың аумағына, тіпті металл қақпалар арқылы оның үйіне күшпен кіруге тырысқан. Қоңырау алған полицейлер дереу көрсетілген мекенжайға бет алып, жәбірленушімен жағдайды бақылау үшін ұялы телефон арқылы байланыс орнатты. Полиция көлігінің сиренасының дыбысын естіген бұзақылардың екеуі оқиға орнынан қашып кетіп, қалған екеуін тәртіп сақшылары оқиға орнында қолға ұстады. Ұсталғандар кезекші жедел-тергеу тобына тапсырылды.
Ер адам 4-5 минут ішінде оқиға орнына келіп жеткен полицейлерге алғысын білдірді, қызметкерлердің кәсібилігін атап өтіп, оларға мықты денсаулық, амандық және қызметте табыс тіледі.