Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт күнде ақтөбелік полицейлер мас күйдегі 19 жүргізушіні анықтады

Төрт күнде ақтөбелік полицейлер мас күйдегі 19 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 11-14 тамыз аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін ЖҚЕ «өрескел» бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Алдын алу іс-шарасының нәтижелері бойынша жол қозғалысы саласында 19 мыңға жуық бұзушылық анықталды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 19 фактісі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа 23 шығу, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 95 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, ЖҚЕ бұзғаны үшін 212 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, телефонды пайдалана отырып КҚ-ны басқару бойынша 125 факт анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдарда өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды тағы да еске алуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру