Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте шектеулерге қарамастан кафеде туған күн тойлағандар анықталды

Шымкентте карантиндік шектеулерге қарамастан кафеде туған күн тойлағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші АПБ полицейлері Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан кафе келушілерді жексенбі күні сағат 23:05-те қабылдап, карантин талаптарын бұзып, туған күн кешін өткізіп жатқанын анықтады.

Сонымен қатар нысан қызметкерлері келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де белгілі болды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру