Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт жасар бала көп қабатты үйдің терезінен құлап кете жаздады

Құтқарушылар баланың терезеден құлауын алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 шілде күні сағат 23.13-те «112» пультіне Тілендиев даңғылы 36 мекен-жайындағы 8-қабаттағы терезеден баланың құлау қаупі туралы хабар келіп түсті.

Шақыру орнына шұғыл түрде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшелері жіберілді, құтқарушылар келген соң альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен балкон арқылы 9-дан 8-қабатқа кірді, бұл үйде 2016 жылы туған төрт жастағы бала жалғыз қалғаны анықтылған.

Бала құтқарылғаннан кейін оқиға орнына полиция департаментінің қызметкерлері мен ата-аналар келді. Ата-аналарымен профилактикалық-түсіндіру әңгімесі жүргізілді.

Бұл балаларды құтқарушылар аман-есен құтқарған көптеген жағдайлардың тек қана бірі, бірақ қайғылы нәтижемен аяқталған фактілер де бар.

Құрметті ата-аналар! Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті кішкентай балаларды кез-келген жағдайда қараусыз қалдырмауға кеңес береді! Тек осылай ғана біз ең кішкентай, қорғаныссыз және сіздерге қымбат адамдардың өмірін сақтап қала аламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру