Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тосын сыйы бар көлік: Семей тұрғыны ірі айыппұлы бар көлікті сатып жіберді

Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы белсенді жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-ның полиция қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесе отырып, шараның бірінші күні 40-тан астам автокөлікті мамандандырылған тұраққа қойды.

Рейдтік іс-шаралар барысында көлік құралдарының ағынында шетелде тіркелген көлік құралын тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші анықталды. Автомашинаны тексеру кезінде аталған автомашинаның өтелмеген 1 млн.300 мың теңге көлеміндегі ірі әкімшілік айыппұлы болғаны анықталды. Автокөліктің жаңа иесі бірнеше күн бұрын көлікті Семейде нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алғаны,көліктің өтелмеген қарызы барын білмегені туралы түсініктеме берді.

– Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде тек бірінші күні ғана жалпы сомасы 7 млн.649 мың теңгеге 677 әкімшілік айыппұл өндірілді, – деді ШҚО Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.


ШҚО Полиция департаменті заңнамада борышкерлердің әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын қысқартылған өндіріс тәртібінде төлеу құқығы көзделгені туралы ескертеді.

Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін ШҚО Полиция департаменті айыппұлдарды уақтылы төлеуді, сондай-ақ автокөлік сатып алу барысында түсінбеушілікті болдырмау үшін тәуекелдерге бармауды және барлық базалар бойынша тексеруге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру