Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік ішінен сөмке ұрлаған түркістандық ұсталды

Көлік ішінен сөмке ұрлаған түркістандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын автокөлік жуу орнынан бағалы заттары бар сөмкесінің ұрланғанын жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, сөмке ішінде екі ұялы телефон болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті.
Нәтижесінде аталған жайтқа қатысы бар күдікті азамат ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Екі ұялы телефон мен қол сөмке заңды иесіне қайтарылды. Дер кезінде ұрлықты ашқан тәртіп сақшыларына тұрғын ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. 

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада “102” нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру