Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төтенше жағдай кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарған әкімдер марапатталды

Түркістан облысының бас полицейі Қайрат Дәлбеков ауыл әкімдерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бас полицейі Қайрат Дәлбеков 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ауыл әкімдерін марапаттады. Яғни елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарған Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінің әкімі Джумабаев Мақсат пен Төлеби ауданы Зертас ауылдық округінің әкімі Үсіп Жақсылықтарға Грамоталарын табыстады.

Атап өтер жайт, марапатталған әкімдер Төлеби ауданы көлемінде коронавирус індетінің таралу жолдарының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ауыл ақсақалдарын жинап, карантин режимін қатаң сақтау керектігін үнемі ескертіп отырған. Тұрғындардың денсаулықтары мен қауіпсіздіктерін сақшылармен қатар күзеткен.

ПД бастығы Қ.Дәлбеков өз сөзінде: – Төтенше жағдай кезінде Түркістан облысында карантин режимін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз үшін Алғыс білдіремін. Сіздердің атқарған игі істеріңізді Отан алдындағы жауапкершілік пен кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз деп білемін. Әлемді дүрліктірген індетке байланысты арнайы қойылған блок-бекеттерде тәртіп сақшыларымен қатар тұрып, індеттің таралмауына еткен еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!, – деп ақжарма тілегін арнады.

Өз кезегінде марапат иелері ПД бастығының еңбектерін елеп, мерекемен арнайы құттықтағанына ризашылықтарын жеткізді. Қазақ елін ең маңызды мейраммен құттықтап, барша халыққа амандық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру