Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Дмитрий Баландинмен бірге таңғы жаттығуды ұйымдастырды

№1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері спорт жұлдызымен бірге таңғы жаттығуға тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл биік таудағы “Медеу” мұз айдынында өтті.

– Өте жақсы кездесу, балалардың көзі жарқырап тұрды. Таза ауада жаттығу жасау балаларға үлкен күш пен қуат берді. Жаппай коньки тебу оларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Кейбір ұлдар мұзға алғаш рет шықты, сондықтан бұл демалыс ұмытылмас сезімдер мен қуанышты қалдырды, – деді ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин.

Кездесу соңында балаларға естелік сыйлықтар мен спорттық бұйымдар табысталды. Кейбір ұлдар өздерінің болашақ жоспарларымен бөлісіп, өз өмірлерін кәсіби спортпен байланыстыруды армандайтындықтарын айтты.

Полиция қыста салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде аталған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен бірқатар басқа іс-шаралар жоспарланғанын айтып өтті. Осы балалар үйі Алматы қаласы ПД-ның қамқорлығында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру