Төтенше жағдай кезінде жазасын өтеген сотталғандар қалай босатылады?
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметтерінің басшылық ету бөлімінің басшысы осы мәселе бойынша жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әрбір сотталған үшін босату күні ерекше және көптен күткен болып табылады. Бірақ, кей кездерде жазасын өтеген сотталғандарды түзеу мекемелерінен туыстары қарсы ала алмайды. Мұндай жағдайларда колония мен түрме қызметкерлері тұрғылықты жеріне жетуге көмектеседі.
Төтенше жағдай режимі кезінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті ОВ-156/6 мекемесінен екі сотталған босатылды. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, босатылып шыққан сотталғандарға ҚАЖ комитетінің нұсқауына сәйкес тұрғылықты жеріне дейін әрі қарай жол жүру үшін бағыттық парақтар, сондай – ақ коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жаднамалар, көп рет қолданылатын маскалар, қолғаптар мен антисептикалық құралдар табыс етті.
ОВ-156/6 мекемесінің қызметкерлері ҚАЖ Комитетімен құрылған төтенше жағдай режимі кезінде босату алгоритміне сәйкес босаған азаматтарды Шемонаиха – Өскемен және Шемонаиха – Семей бағыттары бойынша блокпостқа дейін жеткізді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің қызметкерлері басқа да блокпостарда бұрынғы сотталғандардың елді мекендерге кіре берісінде қарсы алды.
«Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың режиміне байланысты барлық қызметтер үйлесімді ырғақпен жұмыс істейді және қалалар мен облыстардың Полиция департаменттерінің басқа да қызметтерімен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Бізбен барлық қажетті шаралар қабылданды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деді ШҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметтерінің басшылық ету бөлімінің басшысы Олжас Жакияров.