Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

99 тұлға әкімшілік қамауға алынды

Қызылордада төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзған 99 тұлға әкімшілік қамауға
алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде енгізілген төтенше жағдай талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 331 дерегі анықталды.


Соңғы тәулік ішінде 425 мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 51 құқық бұзушылық анықталды.


Қала төңірегінде – 38, Қармақшыда – 10, Жалағаш-1 және Байқоңыр қаласындағы Өкілдікпен –
2 дерек анықталды.


Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 177 әкімшілік іс қаралып, 77 тұлғаға айыппұл салынса, 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды. Көрінеу жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталып, олар бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі
тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Облыс бойынша 35 бекет қойылды.


Облыс аумағына кіретін автожолдарда азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында
үш санитарлық-өткізу бекеттері жұмыс атқарады. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың
сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр.


Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыс
деңгейі 43 пайызға, ал жол – көлік оқиғалары 25 пайызға азайып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру