Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Целиноград ауданында 3 рет сотталған ер адам героинмен ұсталды

Целиноград ауданында үш рет сотталған ер адам героинмен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде ҚР ҚК 297-бабы бойынша үш рет сотталған Целиноград ауданының 53 жастағы тұрғыны «героин» есірткісін заңсыз сатқаны үшін есірткі полицейлерімен ұсталды.

Күдіктіні жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары есірткі затын тауып, тәркіледі. Сараптама заттың құрамында 2,79 грамнан астам «героин» бар екенін анықтады.

– Ұсталған күдіктіден 400 мың теңгеден астам ақша тәркіленді, сондай-ақ жұмыссыз күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында тағы 500 мыңнан астам теңге тәркіленді, бұл ақша қаражатының заңсыз шыққанын айқын көрсетеді, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының аумағында 1 маусымнан бастап «Қарасора» жедел алдын алу шарасы басталды. Өткен кезеңде ақмолалық есірткі полицейлері 12 қылмысты анықтады, оның ішінде есірткі заттарын заңсыз өткізудің тоғыз фактісі және құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің екі фактісі ҚР ҚК 300-бабы бойынша.

Сонымен қатар ҚР ҚК 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша 24 қылмыстық теріс қылық анықталды. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаудың бір фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру