Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Орал қаласында пробация қызметкерлері есепте тұрған адамдарды тексерді

Орал қаласында пробация қызметкерлері есепте тұрған адамдарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қалалық пробация қызметінің қызметкерлері 2021жылдың 21 мен 27 маусым аралығында “Шартты түрде” жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Алты әкімшілік аумақтық пробация қызметінің аға инспекторы М. Асылбаева алты УПП учаскелік инспекторларымен бірлікте есепте тұрған адамдардың мекен-жайын жұмыс және оқу орындарын тексеруде. Тексеру кезінде бірнеше кемшіліктер анықталды.

Бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Р. есімді ер адам кешкі 22:00 ден кейін мекен-жайында болмай шықты, оның анасынан түсініктеме алынып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар В. есімді ер адам пробация қызметіне кесте бойынша тіркеуге келмей, кешіккені үшін түсініктеме алынып, ескерту жарияланды.

Егерде сотталған сот талаптарын және пробация қызметінің талаптарын қасақана өрескел бұзған жағдайда, сотталушыға қатысты материалдар сотқа жіберілетін болады, яғни бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту жайлы шешім шығады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру