Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрғынды алдап кеткен алаяқты бір күнде ұстады

Шымкенттік полицейлер тұрғынды алдап кеткен алаяқты бір күнде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы ақша шығарып беремін деп 50 мың теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру