Целиноград ауданында пәтерден зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлаған ер адам ұсталды
Целиноград ауданында пәтерден зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Целиноград ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 5 қаңтарда тіркелген пәтер ұрлығын ашты.
Осылайша, Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел ауылының тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, белгісіз тұлғалар иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, зергерлік бұйымдар мен 500 мың теңге ұрлап кеткен.
Полицейлер қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Ұрланған алтын бұйымдар елордалық ломбардтардың бірінен табылды. Сонымен қатар, ұрлықтың басқа эпизодтарынан өткен бұйымдар табылды.
Нәтижесінде полицейлер күдіктілердің бірін анықтап, ұстады. Ол Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының 27 жастағы тұрғыны болып шықты, бұрын ұрлық пен қарақшылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адамның басқа да ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексерілуде.