Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ қызметкерінің ата-анасы алғыс хатпен марапатталды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ қызметкерінің ата-анасы алғыс хатпен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде мекеменің ішкі тәртібін қалыпты жағдайда қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін қалтқысыз атқарған Арман Ботабаевтың ата-анасына қайсар мінезді, міндетіне адал ұл тәрбиелегені үшін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Нияз Рыспаевтың алғыс хаты табысталды.

Қарапайым ғана отбасында дүниеге келген Арманның әскери қызметкер болу – бала кезден арманы болатын. Әскери формадағы кісіні көрсе, қызыға қарайтын. Облыс орталығынан шалғайдағы Сарысу ауданына қарасты Жайлаукөл деген алақандай ауылда дүниеге келген Арман мектепте озат болды. Әкесі қарапайым құрылысшы, анасы бала тәрбиесімен үйде отырған, бес баланы өмірге әкелген алтын құрсақты ана. Арман бала кезінен бастап көгалдағы хоккей спортымен айналысады. “Көгалдағы хоккейден Қазақстан республикасының спорт шебері” атағын алды.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжін “Дәнекерлік ісі” мамандығы бойынша бітіріп шыққан Арман Отан алдындағы борышын да абыроймен атқарады.

– Түркістан облысы Сарыағаш қаласында Шекара қызметінің 2020 әскери бөлімінің Инженерлік сапёрлық ротасында қызметін мінсіз атқарды. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң көп ұзамай ҚР ІІМ Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жұмысқа тапсырады. Павлодар қаласында үш айлық оқуды тәмамдаған кейін Тараз қаласындағы ҚАЖ департаментінің ЖД 158/4 мекемесінде 2021 жылдың қыркүйегінен бастап режим бөлімінің ақпараттық байланыс тобының бақылаушысы лауазымын атқарады. Көп ұзамай, яғни үш айдан соң әділет қатардағы шенін алады, – деді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-де.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру