Түлкібаста карантин талаптарын бұзудың 420 фактісі тіркелді
Түлкібаста карантин талаптарын бұзудың 420 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ қызметкерлері басқа да мүдделі органдармен бірлесіп карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда.
Мобильді топтар қоғамдық орындарда, мекемелерде, сауда және ойын-сауық орталықтарында, дүкендер мен базарларда болып, түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин режимінің сақталуын тексеруде.
Қазіргі таңда құрылған мобильдік топтармен жыл басынан бастап осы күнге дейін жалпы 420 жайт анықталып, аудандық санитариялық эпидемиологиялық бөліміне жолданды. Әкімшілік хаттамалар толтырылып, кінәлілерге айыппұлдар салынды. Оның ішінде карантин талаптарын сақтамаған жеке кәсіпкерлер мен бетперде кимеген тұрғындар бар.
Карантиндік шараларына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.