Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жер алып беремін”: Шымкентте алаяқ тұрғынды 500 мың теңгеге алдап кетті

Шымкентте алаяқ тұрғынды 500 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 10 маусымында Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу сеніміне кіріп, жер алып беремін деп, 500 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі таңда ұсталған күдікті қамауда. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру