Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтық жасаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды

Алаяқтық жасаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақорған аудандық пробация қызметіне Қазақсатан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау бегіленген Б.есімді ер адам есепке алынды.

Сол себепті Жаңақорған аудандық сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті орындату үшін сотталған Баспақкөл ауылдық округі әкімшілігіне жіберілді.

Қазіргі уақытта ер адам мәжбүрлі еңбек бойынша қоғамдық орындарда тазалық жұмысын атқарып жүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру