Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібастық полицейлер 90 жастағы тұрғынның құжаттарын жаңартып берді

Түркістан облысының тәртіп сақшылары 90 жастағы тұрғынның құжаттарын жаңартып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға барынша қолайлы қызмет көрсету мақсатында игі істер атқарып келеді. Мысалы, Азаттық ауылы, Навои көшесі 226 үй тұрғыны 1931 жылы дүниеге келген ақ жаулықты ана Масуда Туганбаеваға көмек қолын созды. Яғни, тәртіп сақшылары 90 жастағы әжейдің жеке куәлігінің мерзімі өткенін анықтаған соң, бірден іске кіріскен. Егде жастағы тұрғынды ары-бері сандалтпау үшін үйіне арнайы барып, қажетті құжаттарын жинақтаған. Нәтижесінде аз уақыт ішінде әжейдің жеке куәлігі әзірленіп, табысталды.

Өз кезегінде ақ жаулықты ана полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Әрқашан осылай халыққа қызмет етіп, биіктен көріне беріңдер деп, батасын берді.

Атап өтсек, бүгінде облысымызда құжаттарды рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ең басты мақсат - тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, қазіргі карантин кезінде 65 жастан асқан қарттарымыздың сыртқа шықпауына үлес қосу болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру