Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібас ауданында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдер полицияға жеткізілді

Түлкібас ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайту мақсатында іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданы аумағында Түлкібас АПБ бастығының бұйрығының негізінде іс-шаралар өткізілуде. Жасөспірімдермен орын алатын қылмыстарды және жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмай алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз) бойынша сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы бойынша жалпы 79 құқық бұзушылық анықталып, ата-анасына қатысты хаттамалар толтырылды.

Мәселен, Түлкібас ауданының көше бойларында түнгі сағат 23:30 шамасында бір топ жасөспірімдердің ата-аналарының еріп жүруінсіз жүргендері анықталған.

Іс-шараға Түлкібас ауданының “Жастар ресурстық орталығы” КММ жастары және еріктілер қатыстырылды. Үш жасөспірім, бір жайсыз отбасы тізімдік есепке алынды. ҚР ӘҚБтК-нің 133 және 200-баптарымен (Кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі және алкоголь өнімін заңсыз сатқаны бойынша) үш дерек түзіліп, жинақталған іс құжаттар заңды шара көрілуі үшін тиісті орындарға жолданған.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға кәмелет жасына толмаған жасөспірім балаларына бас-көз болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру