Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібастық полицейлер мал ұрлығының алдын алуда

Түлкібастық полицейлер тұрғындарға мал ұрыларынан сақ болуды ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі кезде мал ұрлығы елімізде, оның ішінде тұрғындардың көбісі мал бағумен айналысатын облысымызда өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осыған орай бұл тақырып мемлекет басшысының да назарынан түскен емес. ҚР ішкі істер министрлігімен аталған мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға бағдарлама» жасалынды. Онда мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдар өзара тығыз қарым қатынас орнатып, қылмыстарды болдырмау жұмыстарын жүргізуде.

Атап өтер жайт, көбіне бұл ұрлық – мал иелерінің үй жануарларын жайылымда қараусыз қалдыруы салдарынын орын алуда. Сондықтан, Сіздерден малдарыңызды өріске немесе жайылым алаңдарына жіберер алдын әкімдік пен бақташы және өздеріңіздің араларыңызда жазбаша «Үш жақты келісім шарт» жасауларыңыз қажет екенін ескертеді.

Сонымен қатар мал сату немесе сатып алу кезінде малдардың құжаттарының толық рәсімделгенін, сырғаланғанын тексеріп алуларыңызды сұрайды.

Одан бөлек, мал ұрлығының алдын алу мақсатында, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күнделікті іс-шаралар жүргізіп, жайылымда қараусыз жүрген мал иелерін және құжатсыз тасымалдаумен айналысатын автокөліктерді анықтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Сондықтан мал-мүлікімізге сақ болайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру