Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнде адасып қалған зейнеткерді полицейлер үйіне жеткізді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түнде адасып кеткен 91 жастағы зейнеткерді үйіне жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның 18-не қараған түні М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаевта қызмет өткеру кезінде автопатруль түн жарымда әйел адамның үйлердің бірінің есігін қағып тұр деген хабарлама алды. М. Жұмабаев ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Виталий Охрименко мен патрульдік полиция инспекторы Дулат Беріков таңғы сағат 4 шамасында аталған мекенжайға машинамен шығады. Үйде аязда тоңып қалған, үстінде жұқа халаты мен жалаң аяғына киген шәркейі бар зейнеткер болған. Ештеңе түсіндіріп айта алмады. Мейірімді үй иелері әжейді білмесе де үстіне қалың кеудеше берген. Полиция көлігінде жылынған зейнеткер не мекенжайын, не туыстарының тектерін айта алмады. «Мен адасып кеттім!», -деп қайталай беріп… әр түрлі есімдер мен тектерді атады. Олардың бірі аудандық полиция бөлінісінің кезекші бөліміне бір мекенжайды анықтауға септігін тигізді. Әжейді үйіне әкелген кезде ұйықтап жатқан туыстары 91 жастағы аналары мен әжелерінің жұқа киіммен үйінен шығып, адасып кеткенін білмеген де. Бұрын мұндай жағдай болмаған екен. Әжелерін патруль ертіп келгенін көрген туыстарының қандай сезімде болғандарын айтудың өзі артық. Оны үйден әжептәуір алыс жерден тапқандарын айтқанда, туыстары тіпті абдырап қалды… Келесі күні жоғалып кеткен әжейдің қызы полицейлерге алғысқа толы хат жолдаған. Полицейлер болса, зейнеткердің үйіне келіп, оған ұзақ та бақытты өмір тілеп қайтты. Ал М.Жұмабаев ауданының ПБ бастығы Қайрат Бимендин полицейлердің халыққа қамқорлық танытып, қызметтік міндеттерін сапалы атқарулары тиіс деп атап кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру