Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлікке жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген азамат анықталды

Түркістан облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз қару сақтап, жалған нөмір таққан жүргізушілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында республикалық “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы 18 қазаннан бастап бастау алды. Үш күнге созылатын іс-шараның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастыру.

Осыған орай аудан, қалалық полиция бөлімдері қарқынды қызмет атқаруда. Полицейлер күні-түні жол қозғалысына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуға барын салып еңбек етуде.

Мысалы, Отырар АПБ-нің полицейлері “Қауіпсіз жол” іс-шарасының бірінші күнінде 50 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде мас халде көлік басқару бойынша бір азаматқа хаттама толтырылып, автокөлігі айыптұрағына қойылды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 21 азамат, жаяу жүргіншіге жол бермеген үш азамат, көлікте ұялы телефон пайдаланған екі азамат, көлігін техбайқаудан өткізбеген жеті азамат, белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен жеті азаматқа хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынған. Оған қоса, РФ-ның “ВАЗ-21065” маркалы автокөлікке жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген жергілікті тұрғын анықталды. Қазіргі таңда бұл іс ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша тіркеліп, құжаттар жинақталып, сотқа жолдануда. Сонымен қатар, Отырарлық тәртіп сақшылары “Лада” маркалы көлікті тексеру барысында заңсыз қару тасымалдауды анықтады. Яғни, көліктен тіркелмеген “ИЖ” маркалы 12 калибрлі бір ұңғылы қару табылды. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру