Түнде ер адам қарағандылықты тонап кетті
Түнде ер адам қарағандылықты тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарашаның 2-сі күні Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол сағат 02.00 шамасында үйіне келе жатқанда белгісіз біреу оған шабуыл жасағанын хабарлады. Шабуыл жасаушы жәбірленушінің денесіне зақым келтіріп, ұялы телефоны мен 24 мың теңгесін тартып алып, із-түссіз жоғалып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 33 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.