Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғынды автосервис қызметкері 1,3 миллион теңгеге алдап кетті

Ақтөбелік тұрғынды автосервис қызметкері 1,3 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына Қобда ауданының 33 жастағы жеке кәсіпкері алаяқтық фактісі туралы арызданды. Оның айтуынша, осы жылдың жазында белгісіз жігіт автосервисте “Toyota Land Cruiser Prado” автокөлігіне арзан бағамен қозғалтқыш сатып алуға көмек көрсету сылтауымен 1 380 000 теңге сомасында ақшасын иемденген.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті қосалқы бөлшектерді сатып алу немесе сату кезінде асығыс шешім қабылдамауды, сатушы туралы ақпаратты мұқият зерделеуді және ұсынылған құжаттарды мұқият оқуды ұсынады. Қырағы болуды және өзінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауды, алаяқтар тарапынан өзіне қауіп төндірмей, тиісті тексерусіз бөгде адамдарға ақша жібермеуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру