Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше тұрғынды алдаған семейлік алаяқ қолға түсті

Жерлестеріне мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып берем деп уәде етіп, ақша жымқырған семейлік тұрғын қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда Семей қ. ПБ Орталық ПБ-нің “102” жедел арнасына 57 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2021 жылғы маусым-қыркүйек айлары аралығында оның танысы ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде бергенін айтқан. Ұсынысқа жәбірленуші бірден келісіп, кейін ол бір миллион теңгені қаскөйге берген.

Сол күні ұқсас қылмыс бойынша Семей қаласының 38 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті.

Қазан айының ортасында қаскөй алдау жолымен, сенімге кіріп, автокөлікті кепілден сатып алу сылтауымен оның ақшасын иемденгені анықталды. Келтірілген залал 500 мың теңге сомасына бағаланды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді, ол 51 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты, ол ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, осы қылмыстарды жасағанын мойындады.

Полиция қызметкерлері қаскөйді ұстағаннан кейін, алаяқтың тағы екі құрбаны полицияға жүгінді.

Сол жылдың 27 қазанында Семей қ. ПБ Орталық ПБ 64 жастағы зейнеткер мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесемін деген желеумен, күдіктінің 90 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгені туралы айтқан.

Алаяқтың төртінші құрбаны 32 жастағы қала тұрғыны болды, ол схема бойынша жоғарыда аталған әйелдің 216 мың теңге ақша қаражатын иемденген.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру