Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның автокөлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның автокөлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Оның айтуынша, таңғы сағат 08:00 шамасында белгісіз біреу тұрғын үйінің ауласында тұрған “Газель” маркалы көлігін заңсыз айдап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына толық құрамда шығып, жедел-тергеу амалдарын бастап кетті. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері күдікті ретінде ер адам құрықтады. Осылайша полицейлер күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ПБ-ға жеткізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай күдікті үйінен жаяу келе жатып, жолда жәбірленушінің көлігін көрген. Содан соң өзінің барар жеріне жетуді көздеп, автокөлікті айдап кеткен. Күдікті барар жеріне жеткен соң, қала көшелерінің біріне қалдырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға автокөліктеріне сақ болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру