Түнде жол ережесін бұзған атыраулықтар жауапқа тартылды
Атырау облысының полицейлері түнгі уақытта жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылыой ауданы полиция бөлімінің патрульдік полицейлері түнгі 02.45 шамасында Құлсары- Сарықамыс тас жолы бойында артқы мемлекеттік белгісі жоқ «Toyota Hilux» автокөлігін дыбыстық сигнал беру арқылы тоқтатты. Жүргізушінің жеке басын анықтау барысында, көлік жүргізушісі заңды талапқа бағынбай, қасындағы жолаушысы сөзбен қарсыласқан.
Заңды талапқа бағынбай, көлікті айыппұл тұрағына апаруға қарсылық көрсеткен жүргізушіге және көлік ішіндегі жолаушысына қатысты ҚР ӘҚБтК 667-бабы (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің , заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, соның ішінде, Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.