Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер “Баланы мектепке жина” қайырымдылық акциясына қатысты

Жыл сайын 1 қыркүйек қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылы да аудандық полиция бөлімдері өз үлестерін қосып, облыс тұрғындарына көмек көрсетуде. 9 қыркүйекте Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Баланы мектепке жина” қайырымдылық акциясына қатысты.

Акцияның мақсатыаз қамтылған отбасыларды қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етуболып табылады. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жеке құрамы Шиелі ауданының 10-нан астам отбасын оқу жылына дайындауға көмек көрсетті. Осылайша, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция инспекторлары аз қамтылған отбасылардағы балаларға үнемі барып тұрады.

Балалардың ата-аналары жеке құрамға және полиция бөлімінің басшылығына көмек бергендігі үшін алғыстарын білдірді. Полицейлер оқушыларға оқу құралдарымен бірге портфельдер, азық-түлік апарып беріп, балаларға тек бес деген бағаға оқуға және ата-аналарға, мұғалімдер мен тәлімгерлердің тілін алуға тілек білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру