Түнде жүрген 80 жасөспірім анықталды
Ақтөбеде «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасының бір күнінде Ішкі істер органдарына 80 жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар түнгі уақытта ата-аналарының еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған.
21-30 тамыз аралығында Ақтөбе облысында«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болу және жасөспірімдерге алкоголь, темекі өнімдерін сату фактілерінің жолын кесу және т. б.
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің бірінші күнінің нәтижесінде ішкі істер органдарына 80 кәмелетке толмағандар жеткізілді, оның ішінде 66 жасөспірім заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 23-00-ден 6-00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, карантин режимі әлсіреген кезде ата-анасының еріп жүруінсіз ұсталған балалардың саны түнгі уақытта айтарлықтай өсті.
Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь сатудың сегіз фактісі, темекі өнімдерін сатудың төрт фактісі анықталды, фактілер бойынша кәсіпкерлер тартылды. Тағы бір кәсіпкер кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін жауапқа тартылды. Ішкі істер органдарына 21 жасөспірім және 18 жағдайы төмен отбасы есепке алынды.
Полиция балалардың түнгі уақытта ата-аналарының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін олардың ата-аналары немесе қамқоршылары жауапты екенін еске салады. Түнгі 22-00 сағаттан кейін кәмелетке толмағандарға ойын-сауық мекемелерінде жүруге тыйым салынған.