Ақтөбеде мас жүргізушілер саны азаяр емес
Ақтөбе облысында «Лишенник» жедел алдын алу іс-шарасының төрт күн ішінде 23 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы полицейлері 19-23 тамыз аралығында «Лишенник« жедел алдыналу іс-шарасы аясында жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жүргізуді бастады.Төрт күн ішінде 23 жағдайы патрульдік полиция қызметкерлеріне күдік тудырған автокөлік иелері медициналық куәландырудан өткізілді.
Бұдан басқа, облыстың автожолдарында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде 1287 ЖҚЕ бұзудың, оның ішінде бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған бір мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, мас күйінде көлік құралын басқарған 23 жүргізуші ұсталды. Жүргізуші куәлігі жоқ көлік құралын басқаратын 36 жүргізуші ұсталды. Белгіленген жылдамдықтан асқан 206 факті, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 36 фактісі анықталды. Облыста көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 4330 автокөлік иесі бар, олардың барлығы полицияның бақылауында және тұрғылықты жері бойынша көлік құралдарын басқару фактісіне тексеріледі. Жыл басынан бері автокөліктерді мас күйінде басқарған жүргізушілер тоғыз жол-көлік оқиғасы орын алды, нәтижесінде екі адам көз жұмып, тоғыз адам зардап шекті.
Мысалы, 11 тамызда «Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласына қарай жолда келе жатып, көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, «Toyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан. Осы жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Opel Vectra» көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.