Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицияның кешенді күштерінің жалпы гарнизондық таратуы өтті

Петропавлда күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға 270 полицей мен әскери қызметші түседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев офицерлер мен сержанттардың кешкі ауысымда қызмет етуге дайындығын тексерді.Тарату алдында облыстық полицияның басшысы Петропавл қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының көліктерінің жай-күйімен танысты. Бұл бөліністің қызметкерлері тәулік бойы облыс орталығындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне бақылау жүргізеді.

Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі олардың кәсібиліктері мен ұтқырлығына байланысты. Марат Төлебаев көшелерді патрульдеу кезінде бейне жазу жүйесінің мүмкіндіктерін кеңірек пайдалануға, сондай-ақ арнайы көліктердің жағдайын ұқыпты ұстауға тапсырма берді.

Қалалық Полиция басқармасының алаңында жүздеген адам жиналды. Облыстық және қалалық полиция аппаратының қызметкерлері, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, учаскелік инспекторлар, ЖҚАЖ, полицияның ерікті көмекшілері күн сайын бағдарлар мен нұсқаулар алып, қаланы екі ауысымда патрульдеу жүргізеді. Полиция департаментінің бастығы амуницияның жай-күйін, офицерлердің сыртқы келбетін, қызметкерлердің көңіл-күйін тексерді. Учаскелік полиция инспекторларының назарын ауысым барысында бейнежетондарды пайдалану қажеттілігіне аударды.

Марат Төлебаев қатарда тұрғандарға: қызмет атқару кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтап, әдепті және сыпайы болуды атап өтті. Басты міндет – халыққа көмек көрсету, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың тыныштығын қорғау. Сондай-ақ, СҚО ПД бастығы Жергілікті полиция қызметі мен қала маңындағы жолдарда қызмет көрсететін патрульдік полиция батальонының басшыларына егін жинау науқанындағы диқаншыларға барынша көмек көрсету қажеттігін ескертті.

Күн сайын Петропавл қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 270 полиция қызметкері түседі, олардың 151-і – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, ал 119-ы полиция қызметкерлері. Биылғы жылдың жеті айында облыс бойынша полицияның кешенді күштері 2300-ден астам, оның ішінде 1417-і облыс орталығындағы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру