«Түнгі қаладағы балалар»: Шымкентте ересектердің қарауынсыз жүрген 61 жасөспірім анықталды
Шымкентте түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген 61 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 17-30 маусым аралығында Шымкент қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Іс-шара барысында Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналдық полиция бөлім қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, жастар көп шоғырланған орындарында және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдердің қарауынсыз жүрген 61 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс-шара аясында кәмелетке толмағандар тұратын қолайсыз отбасыларға, полиция органдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға бару және тұрғын-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстары қамтылды.
Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқықтық көмек пен кеңес бере отырып, тұрғындар арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ішкі істер органдары қызметі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.